Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада есірткі сақтау және таратумен айналысқан азаматтан 6 келі меткатинон тәркіленді
Жаңалықтар

Астанада есірткі сақтау және таратумен айналысқан азаматтан 6 келі меткатинон тәркіленді

24.07.2025
1 мин
0
196
Сурет: Polisia.kz

Астанада есірткі құралдарын сақтап, таратумен айналысқан 28 жастағы тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz.

Бұл дерек "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері тұрғын үй кешенінің ауласында күдіктіні ұстады. Тергеу барысында оның есірткі заттарын қолдану, сақтау және таратумен айналысқаны белгілі болды.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәріздес зат салынған бес пластик құты, 500-ден астам таблетка салынған екі контейнер, 70 орама, ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған екі пакет және сұйықтық құйылған пластик бөтелке табылып, айғақты зат ретінде тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 6 келіден асатын "меткатинон" есірткі заты екені анықталды.

Тергеу нәтижесінде күдіктінің интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысып, "қоймашы" ретінде жұмыс істегені белгілі болды. Ол оператордан нұсқаулық алып, еңбекақысын криптовалюта арқылы алып отырғанын мойындады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті арнайы қабылдағышқа қамалды. Он тәуліктен кейін ол уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады.

Полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарына байланысты кез келген әрекет — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл