| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Еске салайық, бұған дейін Астанада танымал сауда желісінің супермаркеттерінде картоп сатылымына шектеу қойылған еді. Астанада бір адамға 5 келіге дейін картоп сатуға қойылған шектеу алынып тасталды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әкімдіктің баспасөз қызметі Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына сілтеме жасап, қазір Астанада картоп сату бойынша шектеу жоқ, қалада оның тапшылығы жоқ екенін хабарлады.
- Өнім қаладағы сауда желілері мен базарлардың сөрелерінде жеткілікті мөлшерде ұсынылып, олардың қоры уақытында толықтырылып отырады, - деді ведомство.
Әкімдік картопты сату бойынша қойылған шектеуді 22 қаңтарда Small және Spar желілерінің әкімшілігі енгізгенін еске салды.