Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Волонтерлерге цифрлық паспорт: Президент жаңа бастаманы қолдады
Жаңалықтар

Волонтерлерге цифрлық паспорт: Президент жаңа бастаманы қолдады

30.01.2026
мин
0
195
Сурет: Ақорда

Астанада Халықаралық волонтерлер жылы – 2026 аясында форум өтті. Іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлердің ел дамуына қосып жүрген үлесін жоғары бағалап, жаңа бастамаларды қолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Астанада өткен Халықаралық волонтерлер жылы – 2026 форумы волонтерлік қозғалыстың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылайтын маңызды алаңға айналды. Форум барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлердің қоғам өміріндегі рөліне ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы пандемия мен табиғи апаттар кезінде мыңдаған еріктілер дәрігерлерге, тәртіп сақшыларына және мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсеткенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл – азаматтық жауапкершілік пен бірліктің айқын көрінісі.

Қазіргі таңда Қазақстанда 300 мыңға жуық волонтер бар, ал волонтерлік ұйымдардың саны 800-ден асты. Еріктілер экология, білім беру, мәдениет және өзге де салаларда белсенді жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда, «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» сияқты бастамалар қоғам тарапынан кең қолдау тапқан.

Сонымен қатар Президент волонтерлердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты қолдайтынын білдірді. Бұл бастама волонтерлердің қызметін жүйелеуге және олардың еңбегін әділ бағалауға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл