| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанадағы Мұхтар Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған әдеби кеш өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Алаш зиялыларының көрнекті өкілі, ақын, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына арналған «Міржақып Дулатов – халықты оятқан ақын» атты әдеби іс-шара өтті.
Шара барысында оқырмандарға қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолын баяндайтын бейнематериал ұсынылды. Сонымен қатар оның алғашқы өлеңдер жинағы — "Оян, қазақ!" шығармасының мазмұны мен идеялық мәні талданып, қоғамға әсері туралы пікірлер ортаға салынды.

Кеште жазушының тұңғыш романы "Бақытсыз Жамал" жөнінде әңгіме қозғалып, қатысушылар романнан дайындалған театрландырылған көріністі тамашалады.
Іс-шараның маңызды бөлігінде М.Дулатовтың қызы Гүлнәр Міржақыпқызы мен филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбайдың сұхбаты ұсынылып, ақынның өміріне қатысты тың деректер қамтылған деректі фильм көрсетілді.

М.Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледжінің студенттері кешке белсене қатысып, ақын өлеңдерін оқып, сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында кітапхана қорынан дайындалған кітап көрмесіне шолу жүргізіліп, Міржақып Дулатовтың шығармалары таныстырылды.
Мұхтар Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада өткен бұл тағылымды кездесу өткенді ұлықтап, ұлт руханиятына жаңа серпін берген мәнді шара болды.