Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада Мұңайтпасов атындағы стадионның жаңа ғимараты мемлекетке қайтарылған 17 млрд теңгеге салынады
Жаңалықтар

Астанада Мұңайтпасов атындағы стадионның жаңа ғимараты мемлекетке қайтарылған 17 млрд теңгеге салынады

17.02.2025
1 мин
0
229

Астанада Мұңайтпасов атындағы стадионның жаңа ғимараты мемлекетке қайтарылған 17 млрд теңгеге салынады. Жобаны қаржыландыру заңсыз жолмен алынған мүлікті сату арқылы жиналған қаражат түсетін арнайы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылады, - деп хабарлайды  Dauletten.kz.

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның жаңа ғимараты қайтарылған активтер есебінен салынады. Тиісті құжатты Қаржы министрлігінің сайты жариялады.

Құжатқа сәйкес, бұл құрылыс арнайы мемлекеттік қордан қаржыландырылатын жобалар тізіміне енгізілген. Нысанның құрылысына 17,3 млрд теңге жұмсалады.

Қаңтар айында Мұңайтпасов атындағы ескі стадион ғимараты толықтай сүрілді. Бос қалған 2,2 гектар жер учаскесінде жаңа аренаны жыл соңына дейін салу жоспарланған. Құрылыс аумағы 15 мың шаршы метрден асады.

Болашақ стадион ғимараты үш қабаттан тұрады және 3600 адамды сыйғыза алады. Арена жабық ғимарат болады және әртүрлі қабаттағы екі блоктан тұрады. Олар батыс және шығыс жақтарда орналасып, үстінен металл аркамен қосылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл