Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада құны 50 000 000 теңге насыбай өртенді
Жаңалықтар

Астанада құны 50 000 000 теңге насыбай өртенді

08.05.2024
1 мин
0
355
Фото: Астана әкімдігі

Астанада рейдтер барысында аудандық әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тағы 10 тонна насыбай тәркіледі. Оның құны 50 миллион теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылды. Бұл туралы dauletten.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, «Жастар рухы» ЖК белсенділері насыбайды жою жөніндегі акцияны өткізу барысында «Таза Қазақстан» туы желбіреді. Осылайша жастар экоакцияны қолдап, тыйым салынған заттардың зиянды әсерін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 18 наурыздан бастап Астананың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер өтіп жатыр. Полицейлер сауда нүктелерін тексереді және 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл сала отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Анықталған өнімдер жергілікті орындардан тәркіленеді.

«Біз өз қаламызды жаман әдеттерден арылтамыз. Жастарды және еліміздің басқа өңірлерін жаман әдеттердің орнына спортпен және басқа да пайдалы істермен айналысуға шақырамыз. Бұл ауқымды акция, ол бойынша жұмыс тұрақты негізде жүріп жатыр», - деді елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.

Айта кету керек, бұған дейін елордада 4 тонна шегілмейтін темекі өнімдері жойылған болатын.

«Шегілмейтін темекі өнімдері денсаулыққа ғана емес, біздің даму мәдениетімізге де кері әсер етеді. Адамдар түкіреді, ашуланшақ болады, тыйым салынған заттарды пайдаланады. Бұл біздің елордамызға зиян тигізеді. Акция өте дұрыс», - дейді ерікті Жанель Әкежанова.

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл