471.45
547.21
6.63
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада Құрбан айтқа арналған арнайы құрбандық шалу орындары бекітілді
Жаңалықтар

Астанада Құрбан айтқа арналған арнайы құрбандық шалу орындары бекітілді

21.05.2026
мин
0
123
Сурет: Sputnik Kazakhstan

Елордада Құрбан айт мерекесіне орай айт намазының уақыты мен құрбандық шалуға арналған ресми орындар анықталды. Қала әкімдігі тұрғындарды мал сою рәсімін тек арнайы бекітілген аумақтарда өткізуге шақырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Астанада Құрбан айт мерекесіне дайындық аясында құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. Биыл айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады.

Ал құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00 мен 18:00 аралығында жүзеге асырылады. Әкімдік мәліметінше, мал сою жұмыстары тек санитарлық талаптарға сай бекітілген орындарда ғана жүргізілуі тиіс.

Құрбандық шалуға рұқсат етілген орындар тізімі:

— «Шанхай» базары — Алаш тасжолы, 34/6;
— «Баракат» базары — А 369 көшесі, 10;
— «Жайлау» базары — Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;
— «Шәушен» шаруа қожалығы — Алаш тасжолы, 136Б;
— «Ет-Хан» ет цехы — Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

Қала әкімдігі тұрғындарға қоғамдық тәртіп пен санитарлық талаптарды сақтау маңызды екенін ескертіп, белгіленбеген жерлерде мал союға тыйым салынатынын хабарлады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл