Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесі табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қылмысқа қатысты күдікті ретінде марқұмның 30 жастағы қызы ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, анасы мен қызы арасында жанжал туындап, оның соңы пышақ жарақатына ұласқан.
Көршілердің айтуынша, әйелдің денесі пәтерде бірнеше күн бойы жатқан. Күдіктінің бір жасқа толмаған сәбиі бар екені анықталды.
Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.