| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов гидротехникалық құрылысқа неміс озық технологияларын енгізу жоспарын таныстырды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада су шаруашылығы мен инфрақұрылым саласындағы инновациялық технологияларды талқылайтын халықаралық конференция өтті.
Іс-шараны QazInnovations агенттігі Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, немістің HUESKER компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов конференцияда:
- Су шаруашылығындағы инновациялар – бұл тек технология мәселесі емес, бұл азық-түлік қауіпсіздігіне, аграрлық сектордың тұрақтылығына және табиғи ресурстарды ұтымды басқаруға тікелей байланысты мәселе. Климаттың өзгеруі бізден мүлде жаңа, заманауи әрі тиімді шешімдерді талап етеді. Қазір Қазақстан су шаруашылығы саласының маңызды даму кезеңінде тұр, – деді ол.
Министрлік неміс компаниясымен бұрыннан тәжірибе алмасып келеді. Жамбыл облысындағы «Өтеміс» каналында жүргізілген пилоттық жобада INCOMAT геотекстиль материалы қолданылды.
Нәтижесінде су шығыны азайып, канал инфрақұрылымының тиімділігі артты. Жүйе сыртқы әсерлерге төзімді және техникалық қызмет көрсетуге ыңғайлы болып шықты.