Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада Талғат Бигелдиновтың 101 жылдығына жүгіруден марафон өтеді
Жаңалықтар

Астанада Талғат Бигелдиновтың 101 жылдығына жүгіруден марафон өтеді

15.08.2023
мин
0
564
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Биыл екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, шабуылдаушы-ұшқыш Талғат Бигелдиновтің туғанына 101 жыл толады. Осы датаға орай 19 тамыз күні Астана қаласының Триатлон паркінде «101 жыл – 10.1. шақырым» атты марафон өтеді, деп хабарлайды Dauletten.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара ҚР Қорғаныс министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен өтеді.

«Шараға кәсіби марафоншылармен бірге әуесқой спортшылар да қатыса алады. Себебі ең ұзақ қашықтықтан бөлек әуесқойларға арналған 4 шақырымдық қысқа қашықтық пен қатысушылардың жас шамалары да ескерілген. Жарыс басталмай тұрып ҚР Қарулы Күштерінің түрлері мен тектерінің жауынгерлері өз туларын асқақтата, Триатлон паркі арқылы бір айналымды жүгіріп өтеді. Бұл күн қазақстандық әскери ұшқыштар үшін қос мереке болып саналады. ҚР Әскери-әуе күштерінің 25 жылдығы батырдың туған күнімен тұспа тұс келіп отыр. Бұл даңқты қазақ батырына ғана емес, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен әрбір боздаққа көрсетілген құрмет»,- дейді қала әкімдігі.

Марафон барысында қалалық шығармашылық ұжымдармен қатар ҚР Қорғаныс министрлігінің, ІІМ Ұлтық ұланның әскери ансамбльдері өнер көрсетіп, құрметті қарауыл ротасының жеке құрамы өздерінің кәсіби шеберліктерін паш етпек. Жеңімпаздар батыр атындағы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл