| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада жол апатынан жүргізуші көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астана қалалық gолиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Керей және Жәнібек хандар көшесімен келе жатқан жүргізуші Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста көлікті басқара алмай, көше жарығының тірегіне соғылған.
- Chery Tiggo автокөлігінің жүргізушісі Керей және Жәнібек хандар көшесі бойымен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылы қиылысында көлікті басқара алмай, жол шамына соғылған. Соққы cалдарынан автокөлік аударылып кеткен, - делінген қалалық ПД мәлімдемесінде.
Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тексеру жүргізіліп жатыр.