| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мессенджерлерде балаларды ұрлау туралы тарап жатқан хабарлама шындыққа жанаспайды. Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белгісіз тұлғалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атынан шұғыл «ескерту» таратқан. Хабарламада шетелден келген мигранттар балаларды ұрлап жүр деген мәлімет айтылған.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Ведомство аталған мәліметтің жалған екенін және министрлік тарапынан мұндай ескерту жарияланбағанын нақтылады.

Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырды.
Сондай-ақ күдік тудыратын жағдайлар орын алса, 102 нөмірі арқылы полицияға жүгіну ұсынылды. Құзырлы орган жалған ақпарат тарату заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салды.