Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Жаңалықтар

Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?

27.02.2026
мин
1
569
Сурет: ҚТЖ

Жолаушылар үшін пойызға үлгермей қалу — жиі кездесетін қолайсыз жағдайлардың бірі. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздан қалып қойған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін еске салады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ең алдымен вокзалдағы билет кассасына жүгініп, туындаған жағдай туралы кассирге хабарлау қажет.

Егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнының бір бөлігін қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл үшін өтінішті билетте көрсетілген станциядан пойыз жөнелгеннен кейін бір сағаттан кешіктірмей рәсімдеу қажет. Қайтару рәсімін жүргізу үшін жолаушы жеке куәлігі мен билетін ұсынуы тиіс. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, бос орын болған жағдайда келесі пойызға отырудың балама нұсқаларын ұсына алады. Билет құнын қайтару көлемі мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес айқындалады.

Мұндай жағдайларда жолаушыларға қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөмірі бойынша хабарласу, сондай-ақ вокзалдың анықтама қызметіне жүгіну ұсынылады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға осындай жағдайлардан сақтану үшін вокзалға ертерек келуді ұсынады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Е
Еркін 27.02.2026
Қайтарған емес мүлде
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл