Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанадағы автобус қатысқан жол апатынан үш жолаушы жарақат алды. Бір адам аяғынан айырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан үш жолаушы медициналық мекемелерге жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр және аса ауыр деп бағаланып отыр. Олардың бірінің аяғының төменгі жағы ампутацияланды. Қала әкімдігі зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетіп жатыр, сондай-ақ материалдық және басқа да қажетті қосымша көмек көрсетілетін болады. Зардап шеккен жолаушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес, медициналық және сақтандыру сараптамалары жүргізілгеннен кейін ақшалай өтемақы төленеді.
Автобус жүргізушісінің жолаушылар көлігін жүргізу саласында жалпы еңбек өтілі 15 жылдан асады, ал автопаркте 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Оқиға болған күні ол алдын ала міндетті медициналық тексерістен өтіп, жұмысқа жіберілген. Жұмысқа демалыстан кейінгі алғашқы күні шыққан. Автобус 2024 жылғы, желіге шыққан сәтте техникалық тұрғыдан жарамды күйде болған.
Аталған факт бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Жан-жақты тексеру жүргізілуде, барлық мән-жай анықталып жатыр.