Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Астанадағы форум: білім мен ғылымның жаһандық бағыты талқыланды
Жаңалықтар

Астанадағы форум: білім мен ғылымның жаһандық бағыты талқыланды

31.10.2025
мин
0
138
Сурет: khabar.kz

Астанада өткен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылым саласының стратегиялық маңызын атап өтті, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президенттің айтуынша, қазіргі заманда ғылым мен білім — қоғамның ілгерілеуіне жол ашатын негізгі тетік.

- Бұл форум — жаһандық білім мен ғылымның даму бағытын айқындауға арналған маңызды алаң. Әлемнің жетекші университеттері мен сарапшылары осында жиналып, тәжірибе алмасып жатыр. Барша қатысушыларға шынайы алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қазақстанда білім және ғылым жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылып отырғанын айтты. Оның сөзінше, 2019 жылдан бері бұл салаға бөлінетін қаржы көлемі үш есеге артқан.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарының дербестігі кеңейіп, зерттеу бағытындағы университеттер саны көбейген. Елде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданып, Президент жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылған.

- Мемлекет ғалымдарға, әсіресе, жас зерттеушілерге барынша қолдау көрсетуде. Жоғары білімнің барша азаматқа бірдей қолжетімді болуы – өте маңызды міндет, – деді Мемлекет басшысы. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл