Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанадағы көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы дәмханада өрт болды
Жаңалықтар

Астанадағы көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы дәмханада өрт болды

18.09.2025
1 мин
0
36
Сурет: Елорда әкімдігі

18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқиға орнына дереу әкімдік, Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық Полиция департаментінің өкілдері барып, жедел штаб құрылды. Құтқарушылар мен полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт қысқа уақытта толық сөндірілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жаудан 8 пәтер зардап шеккен. Тұрғындар уақытша қаладағы қонақүйлерге орналастырылуда. Әкімдік пен жауапты органдар барлық бағытта көмек көрсететінін хабарлады.

Жақын тәуліктерде бүлінген пәтерлерді жөндеу және үйдің қасбетін қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұл шығындар KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен өтелмек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл