Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанаға ауызсу қайдан келеді?
Жаңалықтар

Астанаға ауызсу қайдан келеді?

14.07.2023
2 мин
0
501
Фото: 24.kz

Астана су қоймасы 50 жылдан бері халықтың игілігне жарап тұр. Бірақ осы күнге дейін көл табаны еш тазартылмаған. 2 жыл бұрын Қазгидромет мекемесі батиметрикалық түсірілім жасап, 47 млн текше метр аумақтың ластанғанын көреді. Бұл – су қоймасының 30%-і, деп хабарлайды Dauletten.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабар 24-тің тілішсінің айтуынша, қазір мұнда 312 млн текше метр су қоры бар. Ал биылға сұраныс – 97 млн текше метр. Оның жартысы Астанаға жіберіліп үлгерген. Яғни, жыл соңына дейін де халық тіршілік көзінен тарықпайды. 2030 жылы Астана халқы 2 млн-нан асса, 150 млн текше метр су қажет болады. 

Яғни, уақыт өткен сайын сұраныс та артады. Әу баста 410 млн текше метрге есептелген қоймаға биыл 70 млн текше метрдей су жетпей қалды. Көктем жылы болып, қар суының көбі буға айналып кеткен. 

«Бұл су қоймасының 90%-і – еріген қар суы. Біз Есіл бассейні инспекциясымен бірге су тасқыны кезеңінде әрі суды толтырып, әрі маңайдағы елдімекендерді су шаюдан сақтауға тырысып жатамыз. Бәрін реттеу керек. Арнасай, 42-інші айырық, Жібек жолы елді мекендерінде мәселе бар. Қазір су аз келіп жатыр. Біз биыл 70 млн текше метр су жинай алмай қалдық», - деді Олжас Тұржанов, «Қазсушар» Ақмола филиалының бас инженер.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл