Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астананың 25 жылдығына арналған «Elorda kubogy – 2023» жобасы өтті
Жаңалықтар

Астананың 25 жылдығына арналған «Elorda kubogy – 2023» жобасы өтті

14.07.2023
1 мин
0
335

6 шілде күні Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына арналған «Elorda kubogy - 2023» республикалық арнайы жобасы өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Жоба алғаш рет Астана күніне орай Қазақстан КВН Одағы ұйымдастыруымен және  Астана қаласының Жастар саясаты мәселелерінің басқармасының қолдауымен 14 жыл өтіп келеді. Және алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

«Астана» концерт залында мерекені тойлауға келген қала қонақтары мен тұрғындарымен лық толды. Шараға төменде көрсетілген 12 қазақстандық танымал команда мен көршілес Қырғызстаннан да команда келіп қатысты:

 

1. «Созақбай». Алматы 

2. «Медиум» . Тараз

3. «Тұран». Астана

4. «Жуалы». Тараз

5. «Женский сборный». Павлодар

6. «Шатыр». Семей

7. «Шапалақ». Талдықорған

8. «Келечек». Қырғызстан

9. «Батыр Қала». Жаңаөзен

10. «Эверест». Алматы

11. «Ақпен Бірге». Астана.

12. «Қазалы». Қызылорда.

Қазылар алқасы құрамында тұңғыш рет ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов болса, олардың қатарын Астана қаласы Мәслихатының Төрағасы - Ерлан Қаналимов толықтырды. Сонымен қатар, елімізге танымал тележурналист, блогер – Динара Сәтжан мен актер, 2011 жылғы Жайдарман чемпионы Ғалым Махамбетов тартысты бәсекеге төрелік етті.

Республикалық дәрежедегі ойын болғандықтан әдеттегідей Қазақстан КВН Одағының Президенті Есен Елеукен жүргізді.

Жайдарман креативті индустриясының командалары қағытпа қалжыңдары мен өткір әзілдерін саяси жаңалықтарға, қоғамдағы өзекті мәселелерге сүйене шығарған. Келген көрермендердің де, телекөрермендердің де көңілдерінен толық шықты. Бұған желідегі мыңдаған пікірлер мен жазбалар дәлел.

Қазылар алқасының шешімімен жобаның бас кубогін талдықорғандық «Шапалақ» команда еншіледі. Айта кетсек, команда мүшесі Орынбасар Серікбай жайдарманшылардың достығы мен бауырмалдылығының арқасында қатерлі ауруды жеңіп сахнаға қайта оралған алғашқы жобасы осы «Елорда кубогы – 2023». Жеңімпаздарға кубокпен бірге 2 млн теңге көлемінде сыйақы берілді.

Күміс жүлде және 500 мың теңге сыйақыны тараздық «Медиум» иеленсе, Жоғары лиганың былтырғы финалистері астаналық «Ақпен бірге» қыздары ІІІ орын мен 300 мың теңгені қанағат тұтты.

«Дәстүрге айналған жоба өскелең ұрпақтың рухани адамгершілік мүмкіндігін қазақ халқының тарихы, мәдениеті, тілінің негізінде қалыптасуына, балалар мен жасөпірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығының артуына, өзін өзі тану жұмыстарының ынталандырылуына айтарлықтай үлес қосып келеді», - дейді ұйымдастырушылар.

«Елорда кубогы»-2023 8 шілде күні «Astana TV» арнасы эфирінен көрсетілді. Екі күн ішінде барлық қазақстандықтарға таратылып, тағы бір рекорд орындалды. Жақында ғана миллион жазылушы жинап, алтын батырма алған «Jaidarman» ютуб-арнасынан ойынды кез-келген уақытта тамашалауға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл