| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астананың сол жағалауында мектептің жанында жүк көлігі өртенді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өртке оранған «Газель» көлігінің видеосын редакцияға оқырмандар жолдаған. Кадрлардан көліктің жол жиегінде, мектепке жақын маңда өртенгенін көруге болады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға Есіл ауданындағы Әл-Фараби көшесінде болған.
- Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт әуе-механикалық көбік қолдану арқылы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Құтқарушылар автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы «Хан Шатыр» ауданында да көлік жол ортасында өртенген болатын. Сонымен қатар үш күн бұрын Төле би көшесінде жеңіл автокөлік өртеніп, оқиға видеоға түсіп қалған. Төле би мен Сығанақ көшелерінің қиылысында болған өртті ТЖМ күштері сөндірді.