Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда атақ пен марапат саудаға түсті: депутат жүйелі шешім қажет екенін айтты
Үкімет

Қазақстанда атақ пен марапат саудаға түсті: депутат жүйелі шешім қажет екенін айтты

14.01.2026
мин
0
114
Сурет: ғаламтордан

Қазақстанда атақ пен марапаттың қадірі қашып барады. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай ел ішінде орден мен медальды табыс көзіне айналдырған «жасырын нарық» қалыптасқанын айтып, Үкіметке дабыл қақты, - деп хабарлвйды Dauletten.kz. 

Қазақстанда атақ пен марапаттың саудаға айналуы қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай бұл үрдісті қауіпті құбылыс деп атап, Үкіметтің назарын аударды.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында ол өзін қоғамдық ұйым ретінде көрсететін бірқатар құрылымдардың марапатты бизнеске айналдырғанын айтты.

Атаққұмарлық дертке айналып барады. Марапат пен атақ базарда сатылатын сувенир секілді болды, — деді Мақсат Толықбай.

Депутаттың айтуынша, бүгінде түрлі атақтар мен медальдар ашық түрде ұсынылып, белгілі бір ақыға беріледі.

— «Қазақстанның құрметті азаматы», «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», тіпті «Ұлт ұстазы» деген атақтардың өзі 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейін сатылып жатыр, — деді ол.

Мақсат Толықбай мұндай ұйымдардың жұмысы әбден жүйеленіп кеткенін де жасырмады. Оның сөзінше, олар салтанатты залдарды жалға алып, түрлі сала өкілдерін сахнаға шығарып, көпшілік алдында марапаттайды.

— Ақшасы бар кәсіпкер де, қарапайым мұғалім де бір сахнада тұрады. Бірақ олардың алған атағының нақты мәртебесі қандай екенін өздері де түсінбейді, — деді депутат.

Оның пікірінше, бұл жағдай мемлекеттік марапат жүйесінің беделіне нұқсан келтіріп, адал еңбектің бағасын түсіреді.

— Мемлекеттік атақ – сауда нысаны емес, ол елге сіңірген еңбектің шынайы бағасы болуы керек, — деп түйіндеді Мәжіліс депутаты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл