Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болып бекітілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, – делінген ресми ақпаратта.
Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Ғұмар Серғазин Қазақ-Америка университетінің заңгер мамандығы бойынша, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша магистратурасын, АЭХА Ядролық құқық институтын (Австрия) және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институтының электроэнергетика факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008-2011 жылдары “Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы” мемлекеттік мекемесінде инспектор, кеңесші, бас инспектор және операциялық зал бастығының орынбасары ретінде бастаған.
2011 жылы “БТА Банк” АҚ Заң департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына қарасты Құқықтық сүйемелдеу бөлімінде заңгер (сектор меңгерушісі) болып еңбек етті.
2011-2012 жылдары Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінде сарапшы және бас сарапшы лауазымдарын атқарды.
2013-2014 жылдары Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінде Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы болды.
2014 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде Ішкі әкімшілік ету басқармасы мен Заң басқармасын басқарды.
2014-2016 жылдар аралығында Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде Заң басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары Энергетика министрлігінің Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары болды.
2017-2023 жылдары Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
Ал 2023 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментін басқарды.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының екі орынбасарын тағайындаған болатын.