Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау қаласында тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның никаб киген қызды соққыға жыққаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға Береке ықшам ауданындағы №30 үйдің подъезінде болған.
Камера жазбасында ер адам мен қыздың сөзге келіп қалғаны байқалады. Кейін ер адам қыздың сөмкесін тартып алып, оған бірнеше рет соққы жасап, басынан тепкені анық көрінеді. Жәбірленуші жерге құлағанымен, күдікті оған тағы да қол жұмсап, оқиға орнынан кетіп қалады.
Кейінірек ер адам қыздың соңынан лифтке кіріп, шабуылды жалғастырғаны анықталған. Дәл осы сәтте шуды естіген көршілердің бірі араласып, қызды өз пәтеріне кіргізіп, полиция шақырған.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл деректі растады. Ведомство мәліметінше, күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.