| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысында естіген жанды есеңгіреткен оқиға болды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жылыой ауданының Қошқақыл ауылында белгісіз әйел II топтағы мүмкіндігі шектеулі зейнеткерге шабуыл жасап, бетіне сірке қышқылын шашқан. Оқиғадан кейін күдікті үйдегі алтын бұйымдарды алып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Шабуыл салдарынан әйелдің беті мен денесінің кей бөлігі күйіп, көруі нашарлаған. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң, оның жағдайы тұрақтанып, үйіне шығарылған.
Қазіргі уақытта полиция күдіктіні анықтау және ұстау бағытында тергеу жүргізіп жатыр. Ал жәбірленушінің жақындары бұл істі ауыр дене жарақатын келтіре отырып жасалған тонау деп тануды сұрап отыр.