Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
29 сәуірде Атырауда өз үйінен 45 жастағы Бибігүл Шпанова өлі табылды. Оның мұнай-газ саласында 20 жылдан аса тәжірибесі бар, NCOC компаниясының бөлім басшысы да болған. Полиция мәліметтері бойынша әйелдің денесінде пышақ жарақаттары анықталған, ал пәтеріндегі сейф ашылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Марқұмның туыстары Адам құқықтары бюросына жүгініп, жан-жақты тергеу жүргізуді талап етті. Олар қылмыстың себебі марқұмның кәсіби қызметіне байланысты болуы мүмкін деп есептейді.
Марқұмның туыстары Адам құқықтары бюросына жүгініп, жан-жақты тергеу жүргізуді талап етті. Олар қылмыстың себебі марқұмның кәсіби қызметіне байланысты болуы мүмкін деп есептейді.
Полиция күдіктіні, яғни 1987 жылы туған ер адамды ұстағанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Адам өлтіру" бабы (ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар тәркіленіп, тергеу жүргізіліп жатыр.
Адам құқықтары бюросы Facebook-те жариялаған хабарламаға сүйенсек, Шпанова ірі ұлттық жобаларға, соның ішінде Қашаған кен орнын игеруге байланысты жобаларға қатысқаны айтылған.
- Соталды тергеу барысы Атырау облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздерге сүйенуге, жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырамыз, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.