Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Атырауда студенттер арасындағы кикілжің төбелеске ұласты
Жаңалықтар

Атырауда студенттер арасындағы кикілжің төбелеске ұласты

31.10.2025
мин
0
115
Сурет: Alash.kz

Атырауда колледж студенттері арасындағы жанжал соңы жаппай төбелеске ұласып, екі жасөспірім түрлі жарақат алды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Белгілі болғандай, жанжалға қатысқан жастардың барлығы — қаладағы агроколледж студенттері. Куәгерлердің айтуынша, олар арасындағы дау кейін өзара төбелеске ұласқан. Кейбірі қолмен, кейбірі бөтелкемен соққы жасаған. Салдарынан екі адам жарақат алып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Қазіргі уақытта төбелестің нақты себебі анықталып жатыр. Полиция оқиғаға қатысы бар төрт жасөспірімді бөлімшеге жеткізген.

- Олардың кәмелетке толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынатын болады. Қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр, – деді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Құқық  қорғау органдары жасөспірімдерді бақылауға алып, материалдарды кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолдамақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл