Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Атырауда туристік агенттік 30 млн теңгені алып, қашып кеткен
Жаңалықтар

Атырауда туристік агенттік 30 млн теңгені алып, қашып кеткен

06.12.2022
1 мин
0
591

Атырауда туристік агенттікке алданып қалғандар прокуратура алдында шу шығарды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Жазғы демаласын теңіз жағасында өткізуді жоспаралағандар "Инфинити тревал М" компаниясынан жолдама сатып алған.

Алайда жеме-жемге келгенде ақша жинап алған басшы ізім-ғайым жоғалыпты. 30-ға тарта тұрғынның 30 миллиондай теңгегесін жымқырған агенттік басшысына қатысты істі жауапты органдар аяғына жеткізбей жауып тастады дейді жиналғандар. Ал прокуратура өкілдері бұл іс қайта тергеуге жіберілгенін мәлімдеді.

Биыл жазда "Инфинити тревал М" туристік агенттігі арқылы шетелде демалмақшы болған 30-дан астам атыраулықтың жоспары жүзеге аспады. Қыруар қаржыны алдын ала жинап алған турфирма өкілдері халықты алдап соққан. Бірі – Мысыр, екіншісі Түркияға барамыз деп жүгін жинап отырғанда жағымсыз жаңалық жеткен. Яғни агенттік қызметкерлері хабарласып  "ешқайда бармайсыздар, ақшаларыңыз да қайтарылмайды" депті.

“Туристік агенттіктің менеджерлері хабарласып, жаман жаңалық айтты. Яғни біз ешқайда бара алмаймыз. Ақшамызды ала алмаймыз. Сол мекеменің басшысы Нам Марта деген кісі Алматыда қашып жүр деп айтты. Енді біз сол уақыттан бастап 26 тамызда полицияға арыз жаздық”, – дейді жәбірленуші Ерназар Құсайынов.

Дәл осындай демалыстан дәмелі 30-ға жуық адам құзырлы органдарға шағымданған. Кейбірі "Инфинити тревал М" Серіктестігінің тұрақты тұтынушысы болыпты. Тіпті бұған дейін бірнеше рет шетелге жолдама алып саяхаттап келген. Сондықтан жазғы демалысының шырқы бұзылып, алданып қаламыз деп еш күманданбаған.

“Дәл осы туристік агенттікпен бұрын да демалып келгенбіз. Бұл жолы отбасымызбен миллионнан астам қаржы жұмсап, қызметін алғанбыз. Алайда алданып қалдық. Құзырлы органдарға арыз жаздық. Бірнеше айдан бері тексеріп жатыр еді. Енді істі жауып тастады дегенді естіп отырмыз. Халықтың қаржысын қалтасына басқан алаяқтар неге жауапсыз қалады”, – дейді жәбірленуші Мәдина Мырзахметова.

Жиналғандар 30 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырып жоқ болып кеткен агенттік басышысына қатысты істі құзырлы органдар салғырт қарап отыр деп ашулы. Ал прокуратура іс қайта тергеп-тексеруге жіберілгенін айтады.

“Тергеуші істің толықтық қамтамасыз етпей, істі тоқтату туралы шешім қабылдаған. Қала прокуратурасы аталған істі зерделеп, тергеушінің тоқтату туралы қаулысының күшін жойып, қосымша тергептексеруге жолдады”, – дейді Атырау прокуратурасының бөлім прокуроры Хакімбек Атадусов.

Теңіз жағасында демалудың орнына құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған наразы топ туристік агенттік басшысы жауапқа тартылсын дейді. Сондай-ақ алдын ала төленген ақшаны да өндіріп беруді талап етеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл