Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Әулиеата жастары» бағдарламасының шарттары қандай?
Баспанаға бағыт

«Әулиеата жастары» бағдарламасының шарттары қандай?

20.07.2023
1 мин
2
2373
Фото: vamortgagecorp.com

Баспана алуға арналған бағдарламалар жетерлік. Соның бірі - «Әулиеата жастары» бағдарламасы. Dauletten.kz осы жобаның шарттарын ұсынады.

Шарттары: 
- Қарыздың ең жоғары сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеге дейін; 
- Бастапқы жарна қарыз сомасының 5%-нан кем емес;
- Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-ға дейін;
- Қарыз мерзімі 19 жылға дейін;

Сатып алынатын тұрғын үй - Жамбыл облысында бастапқы/қайталама нарықтардағы пайдалануға берілген тұрғын үй және соғылып жатқан үйде «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі бар болған жағдайда үлестік қатысу:

- көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесі;

- көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер;

- жер учаскесі бар пәтер;

Айта кетейік, сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз.

Бағдарлама қатысушысына қойылатын талаптар:

- Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы тиіс;

- Жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан, бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кездегі Бағдарлама қатысушысының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс;

- Бағдарламаның негізгі қатысушысы ретінде Бағдарлама бойынша үй алуға ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана рұқсат беріледі;

- Бағдарлама қатысушысында таңдаған сала бойынша соңғы жұмыс орнындағы лауазымда 6 айдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс;

- Қатысушыда бағдарламаға өтініш берген сәтте «Отбасы Банк» АҚ-да жинақ шоты және шотында ең жоғарғы қарыздың (15 млн. теңгенің) кемінде 5% мөлшерде жинақ ақшасы болуы тиіс;

- Бағдарламаға қатысушыда және оның жұбайында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 (бес) жылда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй немесе меншік құқығындағы тұрғын үй (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, отбасының басқа мүшелерімен және туыстарымен бірлескен ортақ үлестік меншігі) болмауы тиіс.

Еске салайық, аталмыш бағдарламаға өтінім беру шілде айының оны күні басталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Б
Бегімай 01.10.2023
Студенттерге қарастырылмағанба
Жауап беру
Ж
Жанар 26.07.2023
Салеметсызба очередь турган жокпын калай уй алуга болады
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл