Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ауыл мектептері 415 мектеп автобусымен қамтылды
Жаңалықтар

Ауыл мектептері 415 мектеп автобусымен қамтылды

11.08.2023
1 мин
0
281
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің өңірлеріне 415 жаңа мектеп автобусы жеткізілді, деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Қызылорда және Павлодар облыстарының мектеп автопаркі толықтырылды.

«Биыл алғаш рет өңірлердегі мектеп оқушыларын тасымалдау үшін білім ошақтарын автобустармен біржолғы қамтамасыз ету міндеті жан-жақты қаралды. Ескірген автопаркті ауыстыру және автокөліктің жеткіліксіз санын алып тастау туралы мәселе шешілді. Қазір облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп қалған автобустарды өңірге жеткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Айта кетейік, жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктері бар балалар орындықтарымен, балаларды салонда қалдырудың алдын алу жүйесімен, салонның артқы жағында апаттық шығу жолымен, балалардың бар екендігі туралы сигнал беретін арнайы шамдардың болуымен және балаларды тасымалдау процесінде шамдардың тұтануымен жабдықталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл