Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ауылға баратын дәрігерлерге 9 млн теңгеден беріледі
Жаңалықтар

Ауылға баратын дәрігерлерге 9 млн теңгеден беріледі

24.01.2024
1 мин
2
703

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.

«Егер дәрігер ауылға барып жұмыс істейтін болса, онда оны ынталандыру үшін 100 ең төменгі жалақы көлемінде беріледі (ең төменгі жалақы – 85 мың теңге)», - деді депутат.

Оның сөзінше, бұл бір рет берілетін қаржы.

«AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында біз сайлаушыларға енді ауылға баратын мамандарға, жас дәрігерлерге бір мезгілдік көтерме ақы береміз деп айтқан болатынбыз. Біз қазіргі уақытта өзіміздің берген уәдемізді орындадық. Заң жобасы қабылданды. Медицина саласы бойынша ауылға барған жас маман бір дегенде 100 ең төменгі жалақы аясында көтерме ақы алады. Ауылға барғанда ынталандыратын «Дипломмен ауылға» сынды бағдарламалардан бөлек осындай көтерме ақы төленеді. Яғни, ауылдағы медицинаны дамытып, кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін 9 млн теңгеге жуық көтерме ақы төленеді. Жаңадан ауылға келген маман үшін 9 млн теңге беру өте жақсы қолдау деп білеміз. Әрине, ол үшін жас мамандар барған ауылында 5 жыл жұмыс істеуі керек», - деді Аймағамбетов.

Оған қоса депутат көтерме ақы ең төмен жалақы көрсеткіші бойынша неге есептелгенін де түсіндіріп өтті.

«Ең төменгі жалақы - 85 мың теңге. Жыл сайын ол көтеріліп отыр. Осыған дейін оның көлемі 65 мың болған. Демек, 1-2 жылдан кейін дәрігерлердің алатын көмегі шарықтап кетеді. Сондықтан «AMANAT» партиясы өз уәдесін толық орындады деп айтуға болады. Бұл ауылдық жердегі дәрігер мамандардың тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізуі керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
А
АДЭЛЯ 30.01.2024
неге тек ауылға жалақысын толесе барлық жерде маман жумыс жасайды дәрігерлердің 90 пайз жумысын медбикелер жасайды неге жалақыны сол кісілерге копі берілуі керек деп ойлаймын жумысы адал поликлиникадағы медбикелерге берсің і
Жауап беру
Д
Динара Маратқызы 24.01.2024
Сол миллионды коғамдық денсаулық бітірген түлектерге берілмейді екен сол распа қоғамдық денсаулық сақтау факултетін бітірген дәрігерлерді дәрігер санатына да қоспай отыр неге оқытады онда мемлекет бұндай маман қажет емес болса
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл