Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Автобус жүргізушілерінің жалақысы бірнеше пайызға артады
Жаңалықтар

Автобус жүргізушілерінің жалақысы бірнеше пайызға артады

07.02.2023
1 мин
1
809

Семейде автобус жүргізушілері ереуілге шығып, таңертең автобус паркінің жолын жауып, қоғамдық көліктердің шығуына тосқауыл қойды. Бұл туралы turkystan.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Осы орайда, Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев, «Семавтопарк»  ЖШС директоры Григорий Пинчук пен «Таксомоторлық парк» ЖШС Асқар Зиядановтың қатысуымен брифинг өтті. Кездесуде Семей қаласындағы қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны айтылды.

«Қоғамдық көліктер өз бағыттары бойынша сағат 6.00-21.30 аралығында жолаушыларды тасымалдауы керек. Кейінгі үш айда  тасымалдаушыларға уақыт жиілігін сақтамағаны үшін  23 млн теңге айыппұл салынды. Қоғамдық көлік мәселесін шешу – қала әкімдігінің қатаң бақылауында, қазір қажетті жұмыстар атқарылып жатыр», – деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев.

Қалада қоғамдық көліктер 40 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға жауапты үш мердігер ұйым – «АвтотранСемей» ЖШС, «Семавтопарк» ЖШС және «Таксомоторлы парк» ЖШС жұмыс жүргізуде.

«Кеше жағымсыз жағдай орын алды. Жүргізушілер еңбекақыны көтеру туралы талап қойды. Олармен кездесіп, мәмілеге келдік. 1 ақпаннан бастап жалақы қайта есептеліп, 40%-ға дейін өседі. Жүргізушілерге жұмысты тоқтатпай, кесте бойынша шығуды ұсындық», – деді «Семавтопарк» ЖШС директоры Григорий Пинчук.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
А
Ақмарал 08.02.2023
Шымкент қаласының жүргізушілеріне жалақы қашан өседі?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл