Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынының салдарын жоюға бес ай уақыт берді. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтты.
Оның айтуынша, өзен жағасына салынған үйлерді қайтадан су шайып кетуі мүмкін. Бұны ескере отырып президент әкімдер мен үкіметке жаңа тапсырма берді.
«Табиғат апатын еңсеретін күн алыс емес. Топан су кеткен соң одан зардап шеккен аймақтар қалпына келеді. Ең алдымен, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспана беріледі, бүлінген инфрақұрылым жөнделеді. Осы қыруар жұмыс өте аз уақытта, яғни жаз бен күздің бес-ақ айында аяқталуға тиіс. Бірақ біз бірлесіп, бұл шаруаны абыройымен атқарып шығамыз деп сенемін», - деді Тоқаев.
Президент үкімет пен әкімдер құрылыс салатын жерді таңдағанда елді мекеннің гидрологиялық және географиялық ерекшелігін қаперге алу керек деген міндет қойды.