Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Әйелдер ипотекасының» артықшылықтары қандай?
Жаңалықтар

«Әйелдер ипотекасының» артықшылықтары қандай?

16.10.2021
1 мин
1
2078

Әйелдер ипотекасының шарттары, алғашқы жарна және артық төлем қандай болады. Dauletten.kz сайты аталмыш бағдарламаға толығырақ тоқталады.

«Ұмай» ипотекасы - «Отбасы банкі» бағдарламасы. Жалпы бағдарлама табыс көзінің жоғары болуына байланысты  мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайтын, десек те ипотека бойынша бірқатар жеңілдіктерді қажет ететін әйелдерге арналған.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

  • ҚР азаматтығы бар 18 бен 65 жас аралығындағы әйелдер;
  • ай сайынғы отбасылық табыс 320 мың теңгеден аспауы керек. Екі тең қарыз алушыны тартуға рұқсат етіледі.

Бағдарлама шарттары

  • Бастапқы жарна мөлшері –15%-тен 50%-ке дейін.
  • Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі –12% (ЖТСМ - 12,2%-дан)
  • Несиелік мөлшерлемені төмендету несие сомасының 50% жинақталғаннан кейін 3,5%-ке дейін 
  • Несие мерзімі – 25  жыл.

Бағдарламаның артықшылықтары:

«Ұмай» ипотекасы арқылы бастапқы нарықтағы (жаңа ғимараттарда) және екінші нарықтағы жылжымайтын мүлікті сатып алуға болады. Ал «Ұмай» әйелдер ипотекасы мен «Отбасы банкіндегі» бағдарламаның шарттарын салыстыратын болсақ, алғашқы жарна мөлшері аз. Сонымен қатар 3 жыл шотқа қаржы жинау міндеттемесі жоқ. Десек те, ай сайынғы төлемнің жоғары болып, жалпы төлем сомасы нарықтық бағдарламадан екі есе дерлік көп болатынын ескерген жөн.

Жоспар бойынша, атылмыш бағдарлама арқылы 4 мың әйел баспаналы болады деп күтілуде. Десек те, қыркүйек айындағы жағдай бойынша жиыны 4,4 млрд теңгеге 512 несие рәсімделген.

Берілген несиелер бойынша көшбасшылар бестігінде келесі аймақтар кіреді:

  • Нұр-Сұлтан 70;
  • Қарағанды 52;
  • Ақмола облысы 46;
  • Шығыс Қазақстан облысы 42;
  • Қостанай 39.

Ең аз ипотека рәсімбелген аймақтар ішінде Түркістан, Қызылорда және Атырау облыстары бар. Сәйкесінше, 1, 8 және 10 несие алынған. Ал Алматыда әйелдер ипотекасы бойынша 33 несие берілді.

 

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8405 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Ж
Жаннұр 22.10.2021
Неге ипотеканың көбісі Талдықорған қаласына қарастырылмаған?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл