Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Айыппұлсыз кету мүмкіндігі: министрлік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүргендерге үндеу жасады
Жаңалықтар

Айыппұлсыз кету мүмкіндігі: министрлік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүргендерге үндеу жасады

22.01.2026
мин
0
106
Сурет: Tengrinews.kz

Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін ерікті түрде елден шыға алады. Министрлік хабарлауынша, бұл жағдайда айыппұл төленбейді және қайта кіруге тыйым салынбайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген азаматтарға үндеу жасады. Ақпан айының соңына дейін бағдарламаға қатысқан қазақстандықтар айыппұлсыз, әрі қайта елге кіруге тыйым салынбай кету мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламаны пайдалану үшін қажет:

Қазақстандық төлқұжат;

Өзіңнің ерікті түрде кету туралы өтініш;

Әуе билеті.

Өтініш Корея Республикасының иммиграция кеңселеріне ұшу күніне дейін 3-тен 15 күнге дейінгі мерзімде берілуі тиіс.

Бағдарламаға келесі азаматтар қатыса алмайды:

Қылмыстық құқықбұзушылық жасағандар;

Депортацияға шешім шығарылғандар;

2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз жұмыс істей бастағандар.

Министрлік азаматтарды өз еркімен кетуге шақырып, бұл мүмкіндікті пайдалану арқылы заңды салдардан аулақ болуға кеңес береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл