Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Аз қамтылған отбасы балаларының 61%-ы жазғы демалыспен қамтылады
Жаңалықтар

Аз қамтылған отбасы балаларының 61%-ы жазғы демалыспен қамтылады

17.05.2022
1 мин
5
1687

Биыл еліміз бойынша мектеп оқушыларының 81,3 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

«Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сәйкес, биыл мектеп жасындағы балалардың 81,3 пайызы жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 236 қала сыртындағы лагерь, 11 мыңға жуық мектеп жанындағы және 930-ден астам шатырлы лагерь жұмыс істейді», - деді Есенғазы Иманғалиев Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиынында. 

Комитет басшысының айтуынша, биыл жазғы демалыспен қамтылған балалардың саны өткен жылға қарағанда 800 мыңға артық. 

«Биыл аз қамтылған отбасы балаларының 61 пайызы, ерекше қажеттілігі бар балалардың 64 пайызы жазғы демалыспен қамтылады. Сонымен қатар білім саласында түрлі жетістіктерге жеткен балалардың 78 пайызы лагерьлерге жіберіледі. Одан бөлек, 2 млн 564 мыңдай баланы жазғы еңбекпен қамту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 86 966 құрылыс отрядына, орман және көгалдандыру жұмыстары мен аула клубтарына жұмысқа тартылады. Сол сияқты дебат және қосымша білім орталықтарында еңбектенеді», - дейді ол. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
С
Салтанат 18.05.2022
Салеметсизбе мен коп балалы анамын лагерьге жиберу ушин кайда тиркелемиз
Жауап беру
Д
Дидар умбетова 17.05.2022
Зейнетке шыққан адамдардың барлығы түгелімен, президенттен бастап, депутаттар, мемлекеттік қызметкелер, мемлекеттік мекемеде жасайтын қызметкерлер, басшылар, министрлер, түгелімен зейнеттік демалысқа кету керек. Қаншама жұмыс орыны босайды, жастар жұмысқа орналасады.
Жауап беру
Н
Наркулова Гульзира Мухамед-Садыковна 17.05.2022
Өтірік, жалған, шаршамайды екен, мен де шеттей алты баламен жалғыз қалғаныма екі жыл болды, ондай көмектің иісін де сезген жоқпын.
Жауап беру
Л
Лаззат Кылышбаева 17.05.2022
Менин кызым 7сыныпты битиреди. Мектептен ешкандай комек алмаймыз. Папасы кайтыс болды.Соган пенсия аламын.поутерие кормелица. Асыраушысынан айырылган. Менин балам лагерге бара алама.
Жауап беру
А
Асыл Назаркулова 17.05.2022
Менин коп балалы анамын. Менин кызым окитын школда жазгы демалыс 3кунге 44000мын деп отыр, солма бесплатный демалыс комек дегени. Халыктан акша жинап тек жеума. Актобе каласынын тургынымы. Казир бари кымбат озим арен кун корип отырмын. Квартира мен коммуслимди арен толеп отырмын укиметтен я уй карастырылмайды я асп дурыс карамайды. Пенсионый жок, пенсионыйды кайдан алам. Жолдасымыз екеуимздин басымызда кредит просрочка болып тур, букил карточкамды жауып тастады толей алмай калдык.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл