450.62
504.2
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жәрдемақы тағайындауда қазақстандықтардың шығыны да есепке алынады
Жаңалықтар

Жәрдемақы тағайындауда қазақстандықтардың шығыны да есепке алынады

14.10.2026
мин
0
179
Сурет: politico.kz

Қазақстанда 2027 жылдан бастап әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі өзгереді. «Отбасының цифрлық картасы» арқылы азаматтардың әл-ауқаты табысы, мүлкі, несиесі және шығынына қарай бағаланады. Соның нәтижесінде кейбір отбасылардың мемлекеттік көмек алу құқығы қайта қаралуы мүмкін, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда азаматтардың әлеуметтік жағдайын анықтау тәсіліне өзгерістер енгізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, «Отбасының цифрлық картасы» аясында әр отбасының әл-ауқаты тұрақты бақылауда болады. Азаматтардың қай санатқа жататыны ай сайын қайта анықталады.

Отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау кезінде табысы, меншігіндегі мүлкі, несиелері және кәсіпкерлік қызметі ескеріледі. Бұдан бөлек, 2027 жылдан бастап азаматтардың шығыны туралы мәліметтер де есепке алынбақ.

Министрдің түсіндіруінше, заңға сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші деңгейдегі банктер жәрдемақы алушылар мен олардың отбасы мүшелерінің келісімімен банк шоттары және депозиттері туралы ақпарат береді.

«Осылайша кірісі ғана емес, шығыны да есепке алынады», – деді Асқарбек Ертаев.

Әлеуметтік көмекке өтініш беру міндетті болмай ма?

Министрдің айтуынша, азаматтар туралы деректер күн сайын жаңартылып отырады. Ал отбасының әл-ауқат санаты ай сайын қайта қаралады.

Мысалы, отбасы қазан айында В санатына жатқызылып, желтоқсанда белгілі бір жағдайларға байланысты С санатына ауысса, оған мемлекеттік қолдау өтінішсіз-ақ тағайындалуы мүмкін.

Қазақстандықтар бес санатқа бөлінеді

«Отбасының цифрлық картасы» аясында азаматтардың әл-ауқаты бес санат бойынша бағаланады:

● А санаты – әл-ауқаты жоғары деңгейдегі отбасылар;

● В санаты – ауқатты отбасылар;

● С санаты – әл-ауқаты қанағаттанарлық деңгейдегі отбасылар;

● D санаты – экономикалық тұрғыдан осал отбасылар;

● Е санаты – экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар.

2027 жылдан бастап А және В санаттарына жататын кейбір азаматтар мемлекеттік жәрдемақы алу құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл ретте әлеуметтік қолдау тағайындау кезінде отбасының нақты жағдайы ескеріледі.

Әлеуметтік сала бюджеті 702 млрд теңгеге қысқаруы мүмкін

Қаржы министрі Мәди Такиевтің мәліметінше, 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасында 14 түрлі жәрдемақы бойынша әлеуметтік сала шығындарын 702 млрд теңгеге қысқарту қарастырылған.

Азаматтар «Отбасының цифрлық картасы» арқылы өздерінің қай санатқа жататынын арнайы сервис көмегімен тексере алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл