448.45
501.59
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Шошқа тұмауы» Қазақстанға жетті: екі өңірде қауіпті вирус анықталды
Жаңалықтар

«Шошқа тұмауы» Қазақстанға жетті: екі өңірде қауіпті вирус анықталды

13.10.2026
мин
0
352
Сурет: BAQ.kz

Қазақстанда жұқпалы індеттің жаңа түрі тіркелді. Елдің екі бірдей аймағында «шошқа тұмауы» вирусын жұқтырғандар анықталып отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мамандар эпидемиологиялық ахуалдың бақылауда екенін айтқанымен, дерттің таралу жылдамдығы алаңдаушылық тудырып отыр. Вирус қай өңірлерде анықталды және оның алғашқы белгілері қандай?

Ресми мәліметтерге сәйкес, республика аумағында бұл қауіпті вирустың 5 жағдайы расталды. Оның ішінде:

Астана қаласы – 3 адам;

Маңғыстау облысы – 2 тұрғын жұқтырғаны белгілі болды.

Дәрігерлер бұл тұмаудың қарапайым маусымдық вирустарға қарағанда әлдеқайда ауыр өтетінін ескертеді.

Қауіпті белгілері қандай?

Ауру ағзада кенеттен басталып, төмендегі симптомдармен көрінеді:

Қатты қалтырау, бас ауруы және әлсіздік;

Бұлшықет пен буындардың сырқырап ауыруы;

Құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлауы және мұрыннан су ағу;

Көзді қозғалтқан кезде пайда болатын ауырсыну сезімі.

Медицина мамандары бұл вирус өз бетімен емделмесе, вирустық пневмонияға ұласып кететінін ескертеді. Қауіптісі сол, өкпенің қабынуы аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан кейін небәрі 3-5 күн ішінде дамып үлгеруі мүмкін. Сондықтан алғашқы белгілер білінген бойда дәрігерге қаралу аса маңызды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл