Жаңалықтар                                    
Ажар Ғиният лауазымынан босатылды: жаңа денсаулық сақтау министрі тағайындалды
                                    
                                 
                                                                    Фото: gov.kz
                                                             
                            Мемлекет басшысының жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ол осы күнге дейін Сенат депутаты қызметін атқарған еді. 
Әлназарованың еңбек өтілі:
	- Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері;
 
	- Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999);
 
	- Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);
 
	- Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003);
 
	- Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004);
 
	- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007);
 
	- Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013);
 
	- Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014);
 
	- Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015);
 
	- Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019);
 
	- «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020).
 
                                                        
                            
                                                            
                            
                            
                                Әлеуметтік желілерде бөлісу