| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Таяу Шығыстағы ахуалдың күрделенуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Сауд Арабиясында жүрген төрт мыңнан астам қазақстандық турист елге орала алмай отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы дүйсенбі күнгі брифингте «Туристік қамқор» қорының басшысы Инна Рей мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта БАӘ аумағында үш мыңнан аса, ал Қатарда мыңнан астам отандасымыз бар. Барлығы уақытша қонақүйлерге орналастырылып, қажетті жағдай жасалған.
Сонымен қатар шамамен екі жүзге жуық адам Мекке мен Медина қалаларында қалып отыр.
Қор жетекшісінің сөзінше, қазақстандық әуе компаниялары өз міндеттерін орындауға әзір. Алайда аймақтағы әуе кеңістігінің қауіпсіздігіне байланысты рейстерді орындауға мүмкіндік болмай тұр.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі азаматтар үшін арнайы жедел желі іске қосқанын хабарлаған. Сондай-ақ Иран аумағындағы қазақстандықтарды бірнеше мемлекет арқылы эвакуациялау жоспары қарастырылып жатқаны белгілі болды.