| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар енді БАӘ-де ұлттық жүргізуші куәлігімен көлік жүргізе алады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Абу-Дабиде Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен БАӘ премьер-министрінің орынбасары, Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаян қол қойды.
Жаңа келісімнің арқасында Қазақстан азаматтары БАӘ аумағында ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалана алады. Сонымен қатар меморандумда көзделген талаптарға сәйкес жүргізуші куәліктерін жеңілдетілген тәртіппен өзара айырбастау мүмкіндігі қарастырылған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл бастама екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінде шамамен 14 мың қазақстандық тұрақты тұрады.
Ведомствоның дерегіне сәйкес, жыл сайын БАӘ-ге шамамен 400 мың Қазақстан азаматы сапарлайды. Жаңа меморандум туристер мен аталған елде тұратын азаматтар үшін маңызды жеңілдік болмақ.