Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БАӘ Жамбыл облысында екі жел электр станциясын салады
Жаңалықтар

БАӘ Жамбыл облысында екі жел электр станциясын салады

30.04.2025
1 мин
0
122
Сурет: el.kz

Мәжіліс депутаттары 2023 жылғы 2 желтоқсанда Дубай қаласында жасалған Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы жел электр станциясының жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Келісімнің мақсаты – Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздері мен орнықты даму саласындағы жобаларды ілгерілету, әзірлеу және іске асыру. Сол арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресте елдер арасындағы ынтымақтастық жүзеге асырылады. 

Құжатқа сәйкес, Жамбыл облысында екі ірі жел электр станциясының құрылысы жүзеге асырылады. Олардың әрқайсысына 25 жылға тұрақты тариф белгіленеді.

Бірінші жобаға энергетикалық қуаты 500 МВт болатын жел паркі, қуаты 150 МВт және сыйымдылығы 300 МВт·сағ болатын аккумулятор батареялары (BESS) пайдаланылатын энергия сақтау жүйесі, сондай-ақ ұзындығы 125 км дейін және кернеуі 220 кВ болатын электр берудің әуе желілері кіреді.

Екінші ірі жобаға энергетикалық қуаты 500 МВт болатын жел паркі, қуаты 150 МВт және сыйымдылығы 300 МВт·сағ болатын аккумулятор батареялары (BESS) пайдаланылатын энергия сақтау жүйесі кіреді. 2 сағатқа белгіленген қуаттың 30 пайызы осы BESS-ке тиесілі болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл