468.88
534.1
6.04
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Балалар лагерлері енді жаңа ережемен жұмыс істейді
Жаңалықтар

Балалар лагерлері енді жаңа ережемен жұмыс істейді

14.07.2026
мин
0
88
Сурет: zakon.kz

Қазақстанда балаларды қабылдайтын сауықтыру орталықтарына қойылатын талап күшейтілді. Енді лагерьлер бірыңғай лицензиялық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл бастама балалардың қауіпсіздігін арттырып, көрсетілетін қызмет сапасын бақылауды көздейді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқу-ағарту министрлігі балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Биыл жазғы сауықтыру және демалыс бағдарламаларымен 3 миллионнан астам баланы қамту жоспарланған. Оның шамамен 600 мыңы – әлеуметтік осал санаттағы балалар.

Жазғы демалыс кезінде балалар тек тынығып қана қоймай, тәрбиелік және білім беру бағдарламаларына да қатысады. Олар «Адал азамат», «Заң және тәртіп» бастамалары, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясындағы «Жасыл сабақтар» арқылы жүзеге асырылады.

Министрлік биыл балалардың қауіпсіздігіне ерекше басымдық беріп отыр. Осыған байланысты жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін білім беру-сауықтыру орталықтарына бірыңғай лицензиялық талап енгізілді.

Лицензия алу үшін лагерьлер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздік нормаларын сақтап, бейнебақылау мен басқа да қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар материалдық-техникалық базасы белгіленген стандарттарға сай болып, бекітілген білім беру бағдарламалары және білікті педагогтар мен медицина қызметкерлері болуы қажет.

Қазіргі уақытта еліміз бойынша 45 білім беру-сауықтыру орталығы лицензия алған. Тағы 60-тан астам өтінім қаралу үстінде.

Жаңа тетік балалар лагерлерінің жұмысын бірыңғай стандартқа келтіруге, қызмет сапасын арттыруға және ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл