| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар шотындағы қалдық ақшасына пайыз ала бастайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда дебеттік шоттардағы ақшаға сыйақы төлеу рәсімі өзгереді. Бұрын клиенттер өз қаражаты үшін ешқандай табыс ала алмай, банктер сол ақшаны өз операциялары үшін қолданған.
Енді заңға енгізілген жаңа түзетулер бойынша банктер шоттағы қаражатқа жылдық 1%-ға дейін сыйақы төлеуге міндетті. Ал алғашқы төлемдер 19 наурыздан бастап жүзеге асады.
Депутаттар бұл өзгеріс қарапайым тұрғындарға пайда әкеледі деп есептейді. Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, тіпті 1% сыйақы да халыққа жылына жүздеген миллиард теңге қосымша табыс әкелуі мүмкін. Әлемдік тәжірибеде ағымдағы шоттарға АҚШ-та 0,5–2%, Еуропада 0–1,5%, Түркияда 3–5% көлемінде пайыз төленеді.
Қаржыгер Ғалым Құсайынов жаңа ереженің қаржы жүйесіне елеулі әсері болмайтынын, бұл тек клиенттер үшін символдық қадам екенін атап өтті.
Мәжіліс талқылауы кезінде Ерлан Саиров бес жыл ішінде банктер қазақстандықтардың шоттарынан төрт триллион теңгеден астам пайда тапқанын мәлімдеді. Ол бұл жағдайды «мемлекеттің банктерге жасаған сыйы» деп сипаттап, енді клиенттерге табыс бөлісу керегін айтты.