Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Банктерді ауыздықтау керек, ағайын!»: Депутат күтпеген сауал жолдады
Жаңалықтар

«Банктерді ауыздықтау керек, ағайын!»: Депутат күтпеген сауал жолдады

03.05.2023
1 мин
4
1014

ҚР Парламент мәжілісінің кезекті отырысында мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек халыққа жайылымды жерлерді қайтарған соң, банк мәселесін көтеріп, бас прокурор Асыловқа бірнеше ұсыныс тастады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Олигархтар мен жоғары шенділердің банктерін құтқаруды доғару керек екенін айтқан ол халықты аштық пен жұмыссыздықтан қорғау керек екенін тілге тиек етті.

«Халыққа жайылымды жерлерді қайтарсақ, банктерді ауыздықтау керек, ағайын!

30 жылда неше рет банктерді кұтқардық ағайын! Халықтың қазынасыдағы ақшаны Тимур Құлыбаевтың, Әділбек Жақсыбековтың және басқа да олигархтар мен жоғары шенділердің банктерін құтқаруды қашан доғарамыз.

Банктерді емес, халықты аштық пен жұмыссыздықтан қорғау керек. Соның бірден бір жолы - банктерге кепілге қойылған ауыл шаруашылық жерлерді қайтаруымыз керек. Ол банктердің артында кім тұрғанын, кімнің иелігінде отырғанын және қандай жолмен ауыл шаруашылық жерлерді кепілге қойып жібергенін қоғам, халық білу қажет»,- деді Базарбек.

Сонымен қатар, Үкімет пен Бас Прокуратурамен бірлесіп, үш қадам жасау керегін де айтып өтті.

«Біріншіден, 2025 жылға дейін бүкіл елде жер амнистиясын жариялап – шартты жер үлесінен тұратын және банктерде кепілге қойылған жерлерді үлескерлерге қайтадан қайтаруды көздейтін мемлекеттік жобаны қабылдау керек.  Үлескерлерге еркін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен өзге шаруашылық ұйымдардан шығудың заңи мүмкіндігін қарастыру керек.

 Екіншіден, коммерциялық банктердің иелігіндегі 2 миллион гектар көлеміндегі жерлерді мәжбүрлі түрде Жер кодексінің 92-94 бабына сәйкес мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз етуіміз қажет.

Үшіншіден, азаматтардың шартты жер үлесінен тұратын жер пайдалану құқығын екінші денгейлі банктерде және қаржы ұйымдарында кепілге қоюға мораторий енгізу»,- деп сөзін аяқтады ол.

Фото: internationalwealth.info

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
4 Пікір
С
С.О.Ж 04.05.2023
Карантин кезінде де Олигархтар бөлісіп алды, қордан көмекке бөлінген ақшаны және банктерге миллиардтап берді, ал банк болса халықтың несиесін 2-3айға тоқтаттыда он есе қылып қайтарып алды. Біздің халық болса өздері алды өздері төлесін деп қуады, ең болмаса халықтың екі ай несиесін жауып беру керек еді, банкке бере бергенше
Жауап беру
С
Сәке 03.05.2023
Дұрыс, 100% қосыламын.
Жауап беру
Г
Гулнар Тасыбаева 03.05.2023
Оте дурыс
Жауап беру
Ж
Жасырын 03.05.2023
Салеметсіз бе, қалай қашан тоқтатылады ,, екен. Мен өзім алмағанмын бастығым каспиден 1 000 000 шығарып алды.бермеймін дегеніме қарамады ашып бер каспиіңді деп алып алды. Төлеп жатыр бірақ ол пооцентімен 2млн болып тұр,қашан жауып береді күндегі уайым менде. Сосын народный банктер 700мын алды процентімен 2029ға дейін ????‍♀️????‍♀️????‍♀️????‍♀️????‍♀️ оны уйдегілер ешкім білмейді. Макул төлеп құтылады деген сенімдіміз. Сол сияқты онлайн емес, өте қатаң тәртіптер орнатпаса мен сияқтылардың саны көбейді
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл