Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
Баспанаға бағыт

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

20.06.2022
1 мин
11
5915

Отбасы банк «Бақытты отбасы» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу туралы өтінім otbasybank.kz платформасында 20 маусым мен 19 шілде (қоса алғанда) аралығында қабылданады. Ол үшін Отбасы банк клиенті болу қажет және аутентификация кодын алу үшін қолда ұялы телефон болуы керек. Қосымша анықтамалар мен құжаттар қажет емес. Жүйе үміткердің деректерін тексеріп, өтініш қалыптастырады.

Бағдарламаға қатысу үшін жергілікті органда тұрғын үй кезегінде тұру қажет. Өтінім бере алатын санаттар:

  • - көпбалалы отбасы;
  • - мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
  • - толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).

Банктен мәлім еткендей, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2021 жылы өтінім берген, алайда баспана алмаған азаматтар биыл өтінімді қайта беруі қажет.

Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдері автоматты түрде қалыптастырылады. Тізімдерге бөлу кезінде қатысушылардың жергілікті әкімдікте кезекке тұру күні мен санаты ескеріледі. Конкурс нәтижелерін otbasybank.kz порталынан көруге болады.

«2022 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам отбасыға несие беруді жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде Отбасы банкке 51 млрд теңге көлемінде қаражат түсті. Биыл лимиттерді бағдарламаға қатысушылар арасында бөлу кезінде басымдық өткен жылдағыдай, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға беріледі», - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бүгінге дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 14 500 қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады. Тағы 326 қатысушының несие алу туралы өтінімі мақұлданды, олар қазір баспана іздеуде.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы талаптарының бірі: азаматтардың кірісі тексеріледі. Соңғы алты айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспауы керек (2022 жылы КМ 37 389 теңге, сәйкесінше бір отбасы мүшесіне шаққандағы табыс 115 905 теңгеден аспауы тиіс).

Несие сомасының 10% тең бастапқы жарна болған жағдайда, жылдық 2% мөлшерлемемен жеңілдетілген заем беріледі. Несие мерзімі 20 жылға дейін.

Отбасы жергілікті әкімдіктер арқылы салынған тұрғын үйді немесе бастапқы және екінші нарықтағы кез келген пәтерді сатып ала алады. Сонымен қатар жеке үй сатып алуға да рұқсат етіледі. Несиенің ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың маңындағы аудандарында, Шымкент, Ақтау, Атырауда 15 млн теңгеге дейін және басқа өңірлерде 10 млн теңгеге дейін. Жылжымайтын мүлік қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған аймақтан сатып алынуы тиіс.

 

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1158 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
11 Пікір
Т
Талғат 02.11.2022
Комепецатцияға қалай өтініш беремін онлайн
Жауап беру
С
Сәнімай 02.11.2022
Өтінішті қалай беруге болады
Жауап беру
Т
Тойгул. 13.10.2022
Өтінішті қалай берем?
Жауап беру
С
Сәнімгүл 29.08.2022
Бақытты отбасыннан өткен өтпегенімізді қайдан білеміз
Жауап беру
К
Куралаи 09.08.2022
Салеметсизбе мен жусыссыз анамын жаска толмаган балам бар катыса аламба бакытты отбасына ауылдык ауданнан епатика алып едим соны тапсырып уралск каласынан алгым келеди менде пенсионный Жок тек бала акшасымен отырамын
Жауап беру
Г
Гульфайруз 08.08.2022
Отбасы бағдарламасына өтінім бергендердің қорытынды тізімін қайдан көрсек болады?
Жауап беру
М
Мұқамадиева Тогжан 02.08.2022
Бақытты отбасы программа бойынша тізім қашан шығады? согласования лимитов с Уполномоченным органом, согласно установленной процедуре бұл не деген сөз
Жауап беру
Н
Назира 09.07.2022
Салематсызба мен Тараз қаласында тұрамын қай жерге барып құжаттарымды тапсырсам болады ,үй алуға
Жауап беру
Ж
Жумагул 20.06.2022
Салеметсиз бе. Прописка обласной бола ма?
Жауап беру
Н
Назира 06.08.2022
Сәлеметсізбе мен үй алу үшін қайда бару керек қайда дакумент тапсырам
Жауап беру
Н
Назира 06.08.2022
Мен нурсултан қаласынан боламын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл