Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) Алматыда жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы полиция департаменті танымал блогер Daricorn-ды (Дариға Нұркеева) жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Instagram парақшасында қауіпті жүргізу видеосын жариялағаннан кейін, ол құқық қорғау органдарының назарына ілікті.
– Талдау кезінде блогердің бұрылыс сигналын қоспай, жолақ ауыстырып, апатты жағдай туғызған сәті анықталды. Қорытындысында ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген полиция хабарламасында.
Құқық қорғаушылар бұл әрекетті жай ғана жауапсыздық емес, адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін қасақана әрекет деп бағалады.
– Ең сорақысы — бұл әрекеттердің бәрі лайк пен қаралым үшін жасалуда. Заң — бәріне ортақ. Танымалдылық жауапкершіліктен босатпайды, – деді полиция өкілдері.
Бұған дейін бала құқығын қорғау комитеті Daricorn-мен соттасып жатқан ананы қолдайтынын мәлімдеген. Себебі блогер оның 9 жасар ұлын видеоға түсіріп, соның салдарынан бала қатарластары тарапынан буллингке ұшыраған.