Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бас мүфти ораза қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады
Жаңалықтар

Бас мүфти ораза қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

28.03.2022
1 мин
3
1658

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында кәсіпкерлерден азық-түлік бағасын төмендетуді сұрады.

Бас мүфти биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталатынын еске салды. Ал 2 мамыр – Ораза айт күні. Осы жылы ораза 30 күнге созылады.

Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатты қасиетті айда көбірек сауапты амал жасауға шақырды.

Сондай-ақ кәсіпкерлерден халыққа аса қажет тауарлар мен азық-түлік бағасын түсіруді сұрады.

"Кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамын", - деді бас мүфти орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 

"Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Кімде кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді" деген. Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Ендеше берекелі айдың берекетінен құр қалмайық, деді ҚМДБ төрағасы.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар қасиетті айда азық-түлікті әдейі қымбаттату күнә екенін еске салды.

"Спекуляция жасау күнә істердің қатарына жатады. Жасанды түрде бағаны өсіруге шариғатта тыйым салынған. Сондықтан Рамазан қасиетті, қайырымдылық айы екенін тағы да еске саламын. Алла разылығы үшін қаншалықты көп қайырымды іс жасасақ, ол Рамазан айында еселеніп қайтады", - деді ол.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15298 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
3 Пікір
С
Сауле 29.03.2022
Касипкерлер арзандатпайды. Олар оз пайдаларын гана ойлайды. Алланын разыдыгын ойламайды.
Жауап беру
О
Оразгул 29.03.2022
Азык-тулікке
Жауап беру
А
Айна 28.03.2022
Ораза қабыл болсын. Жылда айтылады ғой. Қымбаттамаса арзандамайды
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл