Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бас прокуратура Ербаян Мұхтар ісін өз бақылауына алды
Жаңалықтар

Бас прокуратура Ербаян Мұхтар ісін өз бақылауына алды

01.12.2025
мин
0
73
Сурет: Kursiv.kz

Бас прокуратура жарақат алып комаға түскен Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтар ісін толық өз өндірісіне алғаны хабарланды. Бұл туралы оның жақтастары мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, қадағалаушы орган барлық материалды қайта қарап, істі жан-жақты зерделейтінін жеткізген.

Оның сөзінше, Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін тергеуге жаңа серпін беріліп отыр.

- Енді Ербаян Мұхтар ісінде әділдік орнайды және оған осы күйге түсуіне жол бергендер жауапқа тартылады деп сенеміз, – деді ол.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар былтыр Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде құлап, ауыр жарақаттан кейін комаға түскен. Әскерилер «сарбаз дәретханада өзі құлап қалған» деп түсіндірген, алайда ата-анасы бұл нұсқаға күмән келтіреді.

Оқиғаға байланысты бұған дейін бірқатар дәрігер мен әскери қызметкерлерден тергеу алынып, іс бірнеше рет қоғамның назарын аударған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл