| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекеттік тапсырыс алған жеке мектептердің құрылтайшылары тексеріске алынады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2018 жылдан бастап жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс беру жобасы іске қосылған. Бүгінде елімізде 800-ден астам жеке мектеп жұмыс істейді.
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің мәліметінше, 2023–2024 жылдары 116 адам ел аумағында 895 жылжымайтын мүлікті сатып алған. Олардың барлығы жекеменшік мектептердің жетекшілері мен құрылтайшылары. Сондай-ақ, 66 адам өз атына 192 қымбат көлікті рәсімдеген.
- Құрылтайшылардың бірі 76 жылжымайтын мүлікті, тағы бірі 69 нысанды сатып алға», – дейді Мәди Тәкиев.
Ақпан айынан бастап Бас прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар жеке мектептерді тексере бастады. Бұл қадам мектептердің қызметіне бақылауды күшейту және қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр.