| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Елімізде баспана алуға мүмкіндік беретін «5-10-20» бағдарламасы жалғасады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Оның айтуынша, азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құрылысына инвестиция тартылып, баспана құрылысының жаңа мүмкіндіктері дайындалады. Сондай-ақ, жеңілдетілген пайызбен берілетін баспана алуға бағытталған «5-10-20» бағдарламасы жалғасын табады.
Министр бағдарламаны іске асыруға жыл сайын 420 млрд теңге керек екенін атап өтті. Нәтижесінде, 7 жылда 2,9 трлн теңге жұмсалмақ.
«Бұл жыл сайын белгіленген бағамен 35 мың пәтер салуға болады. Жоспар бойынша үй кезегінде 353 мың азаматқа қолдау көрсетіледі», – деді ол.
 
                                                                    
                                                                    Тағы көру