| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстанның Қазталов ауданында қалың қар мен бораннан жылқылар су айдынында қалып, мұз құрсауында қалған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданына қарасты Саралжын ауылында демалыс күндері қалың қар мен қатты боран болып өтті.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады: кадрдан қалың қар арасынан қатып қалған жылқылар көрінеді.
Видео авторының айтуынша, малдар су айдынында қалып, мұз құрсауында қалғандықтан өздері шыға алмаған. Жануарларды құтқару үшін арнайы қызметтер мен ауыл тұрғындары жұмыс істеп жатыр.
Әкімдік бұл жағдайды растады. Қазіргі уақытта қырылған малдың нақты саны мен келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайсыз ауа райы туралы алдын ала ескерту жасалғанын атап өтті.
- Ескертпелерге құлақ аспау салдарынан осындай жағдай орын алды, — дейді әкімдік өкілдері.
Әкімдік тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болуды, өз малдарын қауіпсіз жерге шығаруды және қатты боран кезінде көшеге шықпауға кеңес береді.
Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, ал тұрғындар мен мамандар малға келген залалды бағалап, әрі қарайғы шараларды анықтап жатыр.